18 ақпанда қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды

18 ақпанда қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.02.2026 19:10 Сурет: pixabay
"Қазгидромет" РМК синоптиктері ертең, 18 ақпанда елдің басым бөлігінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Павлодар облысының батысында, солтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 23-28 м/с. Павлодарда таңертең және күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Атырау облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі. Атырауда түнде және таңертең тұман, көктайғақ күтіледі.

Абай облысының батысында, орталығында аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 23 м/с.

Қостанай облысының батысында, шығысында, орталығында жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде тұман. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Қостанайда оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Ақтауда түнде және таңертең тұман күтіледі.

Түркістан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың таулы аудандарында күші 15-20 м/с. Түркістанда түнде және таңертең тұман күтіледі.

Шымкентте түнде және таңертең тұман күтіледі.

Батыс Қазақстан облысында тұман, көктайғақ күтіледі. Оралда тұман, көктайғақ күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысында жел оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с.

Қызылорда облысының орталығында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде күші 15-20 м/с күтіледі. Қызылордада кей уақытта тұман күтіледі.

Ақтөбе облысының солтүстігінде, батысында, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің бағыты солтүстікке ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Ақтөбеде көктайғақ күтіледі.

Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман, көктайғақ. Жезқазғанда тұман, көктайғақ күтіледі.

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Қарағанды қ.: 18 ақпанда тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15–20 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ, тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші 15-20, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с. Петропавлда жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с.

Жамбыл облысында кей уақыттарда тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Таразда кей уақыттарда тұман күтіледі.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), облыстың оңтүстігінде, шығысында аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с, облыстың солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда 23-28 м/с. Көкшетауда түнде және таңертең жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын күтіледі. Көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с.

Жетісу облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с.

Астанада түнде аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Көктайғақ, күндіз жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с

Алматы облысының шығысында, орталығында оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с. Қонаевта оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады екпіні 15-20 м/с.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: