Ішкі істер министрлігі қазақстандықтарды 19–20 ақпанда тәртіп сақтауға шақырды

Центр оперативного управления департамента полиции, сотрудники полиции, видеонаблюдение, полиция, полицейские, ЦОУ, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.02.2026 09:56 Фото: Zakon.kz
Қазақстан аумағында 2026 жылғы 19–21 ақпан аралығында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында "Алкогольсіз аула" профилактикалық шарасы өткізіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, шараның басты мақсаты – құқық тәртібін күшейту және құқық бұзушылықтардың алдын алу, соның ішінде мас күйде жасалатын құқық бұзушылықтарды азайту.

Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің аға инспекторы Ерлан Санатов негізгі мәліметтерді түсіндірді.

Оның айтуынша, осы екі күнде полиция қызметкерлері әкімшілік аумақтарды аралап, азаматтарға құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, есепте тұрған тұлғалардың тұрғылықты жерін тексереді.

Сонымен қатар, шараға волонтерлер, қоғамдық ұйымдар, мемлекеттік органдар мен мекемелердің өкілдері тартылған.

"Құрметті азаматтар, Ішкі істер министрлігі сіздерді қоғамдық тәртіпті сақтауға, жеке және қоғамдық қауіпсіздік мәселелерінде жауапкершілік танытуға шақырады. Құқық бұзушылық фактілері туралы дереу полицияға хабарлауыңызды сұраймыз", – деді Ерлан Санатов.

Соңғы күндері Алматыда жүргізушілерге автотұрақ ережелеріне қатысты маңызды ескерту жасалған болатын. Айтылғандай, бұзушыларға бақылау күшейтілген.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: