Сталкинг үшін жаза: Алматыда ер адам қоғамдық жұмысқа тартылды

Центр оперативного управления департамента полиции, сотрудники полиции, видеонаблюдение, полиция, полицейские, ЦОУ, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.02.2026 12:52 Фото: Zakon.kz
Алматы қаласында сот Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 115-1-бабына сәйкес айыпталған ер адамға қатысты үкім шығарды.

Ер адам бір ай бойы бұрынғы бірге тұрған әйелін жүйелі түрде қудалап, мазасын алған: оны аңдыған, қорқыту сипатындағы хабарламалар жолдаған, байланыс орнатуға мәжбүрлеп, жеке қауіпсіздігіне қатер төндірген.

Жәбірленуші Түрксіб аудандық полиция басқармасына жүгініп, аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалған. Сот ер адамның әрекеттерін заңға қайшы деп танып, оған 100 сағат міндетті қоғамдық жұмыс түріндегі жаза тағайындады.

Түрксіб аудандық полиция басқармасының бастығы Думан Аухадиев сталкинг үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын атап өтті.

"Сталкинг — ұсақ құқық бұзушылық емес, адамның өмірі мен қауіпсіздігіне нақты қауіп төндіретін әрекет. Азаматтарды мұндай жағдайларға бейжай қарамауға шақырамыз. Полицияға дер кезінде жүгіну құқыққа қайшы әрекеттердің жолын кесуге және өз қауіпсіздігіңізді қорғауға мүмкіндік береді. Жәбірленушілердің уақтылы өтініші мен полицияның тиімді жұмысы қауіп-қатерді азайтып, кінәлілерді жауапкершілікке тартуға жағдай жасайды", — деп атап өтті ол.

Полиция осындай құқық бұзушылықтарды бақылауды жалғастырып, сталкинг үшін қылмыстық жауапкершілік туралы халықты ақпараттандыруға бағытталған профилактикалық іс-шараларды тұрақты түрде жүргізуде.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: