Түркістан облысында көші-қон заңнамасын бұзған африкалық азамат еліне қайтарылды
Сурет: polisia.kz
Түркістан қалалық полиция басқармасының қызметкерлері облыс орталығындағы мейрамханалардың бірінде біліктілігіне сәйкес емес қызмет атқарған шетелдікті анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.
31 жастағы африкалық азаматқа қатысты шара қолданып, сотпен елден мәжбүрлі түрде шығарып жіберу жазасы тағайындалған.
Алайда шетелдік ер адам соттың шешімін орындаудан жалтарған. Облыс полицейлерінің жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде құқық бұзушы Шымкент қаласынан анықталды.
Осыдан соң заңсыз келуші Қазақстан Республикасынан мәжбүрлі түрде шығарылды. Полиция қызметкерлері ер азаматты әуе рейсімен өз еліне жіберді.
Полиция өңірдегі құқықтық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында шетелдік қонақтарды Қазақстан Республикасының заңнамасын қатаң сақтауға және ел аумағында болудың белгіленген ережелерін бұзбауға үндеді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript