Түркістан облысында полиция көші-қон заңнамасын бұзған шетелдіктерді анықтады

Полиция, Түркістан облысы, көші-қон, шетелдіктер , сурет - Zakon.kz жаңалық 19.03.2025 17:13 Сурет: Zakon.kz
Түркістан облысында көші-қон қызметінің қызметкерлері жедел-профилактикалық іс-шара аясында көші-қон заңнамасын бұзудың 659 дерегін анықтады. Оның ішінде 459-ы - шетел азаматы, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өңірлік ПД мәліметінше, көші-қон тәртібін бұзған шетелдіктерге қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, жиналған материалдар сотқа жіберілді.

"Сот шешімімен 213 құқық бұзушы елден шығарылды. Мәселен, тәртіп сақшылары облыс орталығы мекемелерінің бірінде заңсыз жұмыс істеген Африка құрлығының тұрғынын анықтады. Оған қатысты әкімшілік хаттама толтырып, материалдар сотқа жолданды. Сот шешімімен шетелдік азамат елден шығарылды", делінген полиция хабарламасында.

Полицейлер атап өткендей, "Заңсыз келуші" жедел-профилактикалық іс-шарасы қоғамдық тәртіпті сақтау, көші-қон заңнамасын бұзу, сондай-ақ заңсыз көші-қон арналарымен басқа да құқық бұзушылықтардың жолын кесу мақсатында өткізіліп жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: