Жамбыл облысында көші-қон заңнамасын бұзған 42 шетелдік елден шығарылды

Заң бұзған адам жауапқа тартылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.02.2024 11:57 Сурет: ҚР ІІМ
Жамбыл облысы полиция департаментінің қызметкерлері облыс аумағында уақытша не тұрақты болатын шетелдіктерді бақылау бойынша жұмысты жалғастырып жатыр.

Қолданыстағы көші-қон заңнамасы талаптарының бірі Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алған шетелдіктерді бақылау.

Қазақстан аумағында 183 күннен артық болмаған шетелдіктерге тексеру жүргізілді. Нәтижесінде 52 шетелдіктің бұзушылық деректері анықталды, олардың ҚР-да тұрақты тұруға берілген рұқсат қағаздарының күші жойылды.

Енді бұл шетелдік азаматтар тегін медициналық көмек, зейнетақы төлемдері және т.б. алу мүмкіндігінен айырылды. Жалпы, осы жылдың басынан көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін сот шешімімен республика аумағынан 42 шетел азаматы шығарылды.

Көші-қонды бақылауды жүзеге асыру бойынша жүйелі жұмыстар жалғасын табады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: