Жамбыл облысында 30 шетелдік азамат ел аумағынан тыс жерге шығарылды
Мәселен, Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын қасақана заңсыз кесіп өткені үшін шалғай шет елдерден келген 30 шетелдік азамат қылмыстық жауапкершілікке тартылып, Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерге шығарылды.
Олардың ішінде 16 Ауғанстан азаматы, 5 Непал азаматы, 4 Пәкістан азаматы, 3 Үндістан және 2 Шри-Ланка азаматы бар.
Полиция қызметкерлері заңсыз еңбек мигранттарын анықтауға бағытталған іс-шаралар өткізуді жалғастырып жатыр.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде Қазақстан аумағында заңсыз еңбек қызметін жүзеге асырғаны үшін Байзақ ауданында Өзбекстан Республикасының 8 азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Осыған қатысты іс материалы шешім қабылдау үшін аудандық сотқа жолданды.