Абай облысында көші-қон заңнамасын бұзған екі шетелдік елден шығарылды

Шетелдік азамат, көші-қон, Абай облысы, рейд, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.05.2024 22:19 Сурет: polisia.kz
Абай облысы аумағында "Құқықтық тәртіп" ЖПІШ барысында бөлімше қызметкерлері уақытша және тұрақты тұратын шетелдік азаматтардың тіркелген мекенжайлары бойынша тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Курчатов қаласы аумағында заңсыз жүрген Тәжікстан Республикасының екі азаматы анықталды. Белгілі болғандай, шетелдіктер 2023 жылдың тамыз айында келген және олардың болу мерзімі аяқталған соң, Қазақстан Республикасының аумағынан кетуден жалтарған. Қазіргі уақытта бұл заң бұзушылық үшін шетелдіктер әкімшілік жауапкершілікке тартылып, сот шешімімен мемлекет аумағынан шығарылды", делінген полиция хабарламасында.

Енді құқық бұзушылар бес жылдан кейін ғана Қазақстанға орала алатыны да нақтыланады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: