ШҚО-да көші-қон заңнамасын бұзған алты шетелдік азамат елден шығарылды

Полиция, ШҚО, көші-қон, шетелдік азамат, елден шығару, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.10.2025 17:28 Сурет: Zakon.kz
ШҚО-да "Учаске" жедел профилактикалық іс-шарасы аясында көші-қон қызметкерлері шетелдік азаматтардың тұрғылықты жерлерін және олардың тіркеу ережелерін сақтауын тексеру жұмыстарын күшейтті. Оның барысында алты шетелдік елден шығарылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ШҚО ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 1 қыркүйектен бері облыс аумағында көші-қон заңнамасын бұзудың 130-дан астам фактісі анықталды.

"Сот шешімімен алты шетелдік азамат Қазақстан Республикасынан шығарылды. Полиция олардың уәкілетті органдардың тиісті рұқсатынсыз құрылыс жұмыстарымен айналысқанын анықтады. Заңнамаға сәйкес, бұл азаматтарға Қазақстан Республикасының аумағына кіруге бес жыл мерзімге тыйым салынды", делінген полиция хабарламасында.

Көші-қон қызметі рұқсатсыз еңбек қызметімен айналысқан немесе ел аумағында заңсыз жүрген шетелдіктер, сондай-ақ оларды заң талаптарын бұза отырып қабылдаған азаматтар мен ұйымдар жауапқа тартылатынын еске салады.

Бұған дейін Қазақстан мен Армения арасында өзара көші-қон туралы келісім ратификацияланғаны хабарланған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: