Павлодарда түзеу мекемесіне телефон өткізу әрекеті дер кезінде анықталды

Павлодар облысы ҚАЖД-ға қарасты №63 түзеу мекемесінде режимдік аумаққа телефон өткізу әрекеті дер кезінде анықталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.02.2026 15:13 Сурет: ҚР ІІМ
Павлодар облысы ҚАЖД-ға қарасты №63 түзеу мекемесінде режимдік аумаққа телефон өткізу әрекеті дер кезінде анықталды.

Бақылау-өткізу пунктінде келген сәлемдемені тексеру барысында инспекторлар стандартты гигиеналық қаптамада жасырылған затқа назар аударды.

Толық тексеру кезінде қаптамадан телефон мен SIM-карта табылды. Қазіргі уақытта аталған жағдай бойынша барлық қажетті материал жинақталды.

Жөнелтушіге қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тексеру жүргізілуде.

"ҚАЖ мекемелеріне тыйым салынған заттарды өткізу әрекеті әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады. Бұндай әрекеттер құқық бұзушылық қана емес, жазасын өтеп жатқан адамдардың тәртіпті мінез-құлқы үшін қарастырылған жеңілдіктерінен айырылуына да себеп болады", – деп ескертті ҚАЖ қызметкерлері.

Айта кетейік, ҚАЖ мекемелерінде бақылау жүйесі үнемі жетілдіріліп отырады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: