Павлодар облысында түзеу мекемесіне тыйым салынған заттарды өткізудің алды алынды

Ұялы телефон, тыйым салынған зат, Павлодар облысы, түзеу мекемесі, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.11.2025 15:15 Сурет: polisia.kz
Павлодар облысы бойынша ҚАЖД-ға қарасты №46 мекеме қызметкерлері режимдік нысан аумағына тыйым салынған заттарды өткізудің жолын кесті. Мекеменің өндірістік аймағына Volvo көлігі кірген. Оны тексеру барысында Oppo телефоны мен телефон сымы табылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы ҚР ІІМ баспасөз қызметі 2025 жылы 30 қарашада хабарлады.


"Жүргізуші аталған заттарды мекеме аумағына жасырын алып кіруге әрекет жасаған. Осы дерек бойынша тиісті материалдар жиналды. Тыйым салынған заттар белгіленген тәртіппен тәркіленді. ҚАЖ департаменті түзеу мекемелеріне тыйым салынған заттарды енгізу әрекеттері заңнамаға сәйкес жауапкершілікке әкелетінін еске салады", делінген хабарламада.

Бұған дейін ШҚО-да түрмеге есірткі өткізбек болған курьер камераға түсіп қалғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: