Павлодар облысында мекемеге тыйым салынған затты алып кіру әрекеті тоқтатылды

Полиция, полицейский, полицейские, патрульная полиция, патруль, сотрудники полиции, правоохранительные органы, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.04.2025 13:59 Фото: Zakon.kz
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Павлодар облысы бойынша №47 мекемесінің қызметкерлері тыйым салынған затты мекеме аумағына алып өту әрекетінің жолын кесті.

Оперативтік-профилактикалық іс-шаралар барысында сотталған азаматтан жасыл түсті зат салынған төрт түйіншек табылып, тәркіленді. Аталған заттарды сотталған жасырын түрде мекеме ішіне алып өтпек болған.

Тәркіленген зат сараптамаға жіберіліп, оның нақты химиялық құрамы анықталатын болады. Сараптама нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады.

"Мекеме қауіпсіздігін қамтамасыз ету және тыйым салынған заттар мен бұйымдардың ішке өтуіне жол бермеу — біздің басты міндетіміз. Осы бағытта құқықтық тәртіпті сақтау және сотталғандар мен келушілер арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде, " -№47 мекеменің бастығы Есенбек Акказенов.

Павлодар облысы бойынша ҚАЖ департаменті мекемелерде құқықтық тәртіп пен қауіпсіздікке төнетін кез келген қауіпке жедел әрекет жасалатынын, сондай-ақ заң талаптарын бұзған тұлғалар жауапкершілікке тартылатынын еске салады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: