Абай облысында дронның көмегімен жол жиегіне көмір төккен тұрғын анықталды
Сурет: polisia.kz
Семей қаласы полиция басқармасының қызметкерлері Восточный кентінде рейдтік тексерулер жүргізіп, аумақты ластау фактілерін анықтау мақсатында ұшқышсыз ұшу аппаратын пайдаланды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Әуе мониторингі барысында 38 жастағы қала тұрғынының жол жиегіндегі қоршалмаған аумаққа ірі көлемде көмір төккені белгілі болды.
Аталған әрекет салдарынан іргелес аумақ ластанып, елді мекендерді абаттандыру талаптары бұзылған. Бұл тұрғындарға қолайсыздық туғызып, қалалық ортаның санитарлық жағдайына кері әсер еткен.
Құқық бұзушымен профилактикалық әңгіме жүргізіліп, заң талаптары мен құқық бұзушылықтың салдары түсіндірілді.
Абай облысы полиция департаменті азаматтарды қалалық ортаға ұқыпты қарауға және абаттандыру қағидаларын сақтауға үндеді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript