Ұлытау облысында дронның көмегімен 14 рұқсат етілмеген қоқыс үйіндісі анықталды

Дрон, дроны, беспилотный летательный аппарат, беспилотник, беспилотники, БПЛА, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.07.2025 11:46 Фото: unsplash
Полиция департаментінің қызметкерлері "Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясы аясында рұқсат етілмеген жерлерге қоқыс тастау фактілерін анықтау жұмыстарын жүргізуде.

Акция басталғалы бері дронның көмегімен 14 рұқсат етілмеген қоқыс үйіндісі анықталды.

Анықталған әрбір факт бойынша жедел жұмыстар жүргізіліп, нәтижесінде 32 құқық бұзушы жауапқа тартылды.

Полиция азаматтарды тазалық пен тәртіпті сақтауға, қоқысты белгіленген орындарға ғана тастауға шақырады.

Себебі, рұқсат етілмеген жерлерге қоқыс тастау қоршаған ортаға зиян келтіріп қана қоймай, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке әкеп соғады.

Полиция департаменті бұл бағыттағы жұмыстарды одан әрі жалғастыра береді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: