Жаңалықтар тізбегі
0

Астанада 200-ден астам рұқсат етілмеген қоқыс орны анықталды

Астанада 200-ден астам рұқсат етілмеген қоқыс орны анықталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.11.2023 17:24 Сурет: Zakon.kz
Елордада стихиялы қоқыстармен күресу бойынша жүйелі түрде жұмыс жүріп жатыр. Астананың бес ауданында рұқсат етілмеген 200-ден астам қоқыс орнының 174-і жойылды.

Астана қаласы әкімдігінің мәліметінше, осы жылдың басынан бері Сарыарқа ауданында 27 санкцияланбаған қоқыс орны анықталып, жойылды, 19 560 тонна қоқыс шығарылды, деп жазады Аstanatv.

Сондай-ақ биыл Астана қаласының цифрландыру және мемлекеттік қызметтер басқармасымен бірлесіп бейнебақылау камераларын орнату бойынша жұмыс жүргізілуде, олар заңсыздықты анықтайды.

"Ғарыш мониторингі нәтижелері бойынша 2023 жылы Есіл ауданында 84 стихиялы қоқыс орны табылды. Бүгінгі таңда оның 32-сі бойынша жұмыс жүргізілді. Аудан бойынша құрылыс қалдықтарын жинаудың негізгі орындары: Қарқаралы тас жолы, Әл-Фараби көшелерінің жалғасы (38-көше), Хусейн бен Талал, Ұлы Дала даңғылы, "Нұра-Есіл" каналы және т.б. Бүгінгі таңда құрылыс компанияларымен бірлесіп 35 мың тоннадан астам қалдық шығарылды". Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Қалалық әкімдік Нұра ауданында 47 стихиялық қоқыс орны анықталғанын мәлімдеді. Олардың негізгі жиналатын орындары – Ұлы Дала даңғылы, "Западный" саяжай қоғамы, Е-128 көшесі ПІБ гараждары, Е15 көшесі, Қорғалжын тас жолы, Айтматов көшесі. Бүгінгі таңда рұқсат етілмеген полигондардың 37 орны жойылды. Жалпы ауданнан полигонға 24 370 тонна құрылыс қоқысы шығарылды.

Алматы ауданында ғарыш мониторингі арқылы рұқсат етілмеген полигондардың 62 орны анықталған. Олардың барлығы жойылып, 16,5 мың тоннадан астам қалдық шығарылған.

Байқоңыр ауданында, сондай-ақ өзге аудандардың бәрінде санкцияланбаған қоқыс үйінділерінің болуына күнделікті тексеру және мониторинг жүргізіледі. Ұсынылған "Қазақстан Ғарыш Сапары" ғарыштық суреттері бойынша аудан аумағында стихиялық қоқыс тастайтын 16 орын табылып, расталды. Олардың аумағынан сегіз мың тоннадан астам қоқыс шығарылған.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: