Астанада камералар көмегімен заңсыз қоқыс төгу фактісі анықталды

Мусорный полигон, мусор, мусорная свалка, свалочный полигон, отходы, стихийная свалка, стихийные свалки, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.06.2026 16:26 Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
"Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясы аясында елорда полициясы абаттандыру ережелерін бұзу деректерін анықтау және олардың жолын кесу жұмыстарын жүйелі түрде жүргізіп келеді.

Бейнебақылау камераларын мониторингтеу барысында құрылыс қалдықтарын заңсыз төгу фактісі анықталды. Тексеру нәтижесінде Shacman жүк көлігінің жүргізушісі қала аумағында құрылыс қалдықтарын рұқсат етілмеген жерге шығарғаны белгілі болды.

Құқық бұзушы жедел анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Полиция құрылыс және өзге де қалдықтарды тек арнайы белгіленген орындарға ғана шығару қажеттігін ескертеді. Жыл басынан бері елорда аумағында абаттандыру ережелерін бұзудың 24 мыңнан астам дерегі тіркелген.

Барлық факті бойынша құқық бұзушыларға қатысты әкімшілік шаралар қолданылған. "Таза Қазақстан" акциясы аясында полиция қызметкерлері қала аудандарының барлығында аумақтарды ластау, құрылыс және тұрмыстық қалдықтарды заңсыз төгу мен жинақтау деректерін анықтау жұмыстарын жалғастыруда.

Барлық анықталған құқық бұзушылықтар тіркеліп, кінәлі тұлғалар қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: