Атырау облысында полицейлер қарттар үйінің аумағында абаттандыру жұмыстарын жүргізді

Машина полиции, полицейский автомобиль, полицейские, полиция, автомобиль полиции, полицейская машина, патрульная машина, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.07.2026 09:18 Фото: unsplash
"Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясы аясында Атырау облысы полиция департаменті қоғамдық қауіпсіздік басқармасының және айдауыл қызмет взводының қызметкерлері қарттар үйінің аумағында абаттандыру жұмыстарын жүргізді.

Полицейлер аумақты қоқыстан тазартып, шөптерді орып, ағаштардың түбін қопсытып, сырлап, мекеме ауласын ретке келтірді.

"Тазалық – әр адамның ортақ жауапкершілігі. Осындай игі бастамалар арқылы қоғамға пайдалы іс атқарып, үлкендерге құрмет көрсетуді маңызды міндет санаймыз, – деді қоғамдық қауіпсіздік басқармасының бастығы Адильбек Козыбеков.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: