Абай облысында тағы бір ауыл ішімдіктен бас тартты

Абай облысында тағы бір ауыл ішімдіктен бас тартты, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.02.2026 21:14 Сурет: polisia.kz
Абай облысы Жарма ауданы Шар қаласына қарасты Көшек ауылы тұрғындарының алкоголь өнімдерінен бас тарту туралы бірауыздан шешім қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Полицияның хабарлауынша, Көшек ауылы ресми түрде "ішімдіксіз ауыл" мәртебесіне ие болды.

"40 ауладан тұратын, 170 тұрғыны бар ауыл халқы қоғамдық қауіпсіздікті нығайту, құқық бұзушылықтардың, тұрмыстық жанжалдардың алдын алу және жас ұрпаққа үлгілі орта қалыптастыру мақсатында алкогольден бас тарту туралы ортақ ұстаным білдірді. Бұл – мәжбүрлі шара емес, ауыл тұрғындарының болашаққа деген жауапты әрі саналы таңдауы", – делінген хабарламада.

Ауыл ақсақалдары да игі бастаманы қолдап, салауатты өмір салтын ұстану – берекелі өмір мен жарқын болашақтың кепілі екенін атап өтті.

Олардың айтуынша, бұл шешім ауыл бірлігін нығайтып, жастардың тәрбиесіне жақсы ықпал етеді.

Қазіргі таңда Көшек ауылы Жарма ауданындағы ресми тіркелген төртінші "ішімдіксіз ауыл" атанып отыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: