Абай облысында ТЖМ авиациясы жоғалған адамдарды табуға көмектесті

Абай облысында ТЖМ авиациясы жоғалған адамдарды табуға көмектесті, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.02.2026 14:12 Сурет: видео скрині
Бүгін таңертең ТЖД-не Көкпекті ауданының Биғаш ауылындағы "Арқалық" шаруа қожалығынан 19 ақпанда шамамен сағат 11:00-де үш ер адамның жылқы іздеуге шығып, байланысқа шықпай қалғаны туралы хабарлама түсті. Олардың нақты қай жерде екені белгісіз болды, ұялы телефондары сөндірулі болған.

Іздестіру-құтқару жұмыстарына ТЖД-ның күштері мен құралдары жұмылдырылды. Іздеу аймағы күрделі, таулы аймақ болғандықтан, ҚР ТЖМ "Қазавиақұтқару" АҚ-ның Ми-8 тікұшағын көтеру туралы шешім қабылданды.

Сонымен қатар іздеу жұмыстарына жол талғамайтын көлік пен ұшқышсыз ұшу аппараты тартылып, қолжетімсіз аумақтарды жедел тексеруге мүмкіндік берді.

Екі сағаттық ұшудан кейін Биғаш ауылынан 3 шақырым жерде 1984, 1979 және 2003 жылы туған үш ер адам табылды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: