Жаңалықтар тізбегі
0

Алматы облысы ТЖД құтқарушылары Қапшағай су қоймасында балықшыны құтқарды

Алматы облысы ТЖД құтқарушылары Қапшағай су қоймасында балықшыны құтқарды, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.02.2024 14:01 Сурет: Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті
2024 жылғы 16 ақпанда сағат 08.52-де Алматы облысы ТЖД Қапшағай су қоймасының "Голубой залив" учаскесінің аумағыңдағы мұздың сынып, мұз үстінде 1949 жылы туған ер адам қалғаны туралы хабарлама келіп түсті.

Шақыру орнына Қонаев қаласының жедел-құтқару жасағының құтқарушылары дереу жіберілді.

Ер адам түнде балық аулауға келген екен. Таңертең мұз сынып, ол өздігінен жағаға шыға алмағандықтан, құтқару қызметіне жүгінді.


"Қонаев қаласы жедел-құтқару жасағының 8 құтқарушысы, 2 бірлік техникасы, жүзу құралдарының күшімен жағаға жеткізілді. Медициналық көмек қажет емес." Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі

Ер адам Алматы облысы ТЖД қызметкерлеріне өмірін сақтап қалғаны үшін үлкен алғысын білдірді.

Қалыптасқан тұрақсыз ауа райына байланысты және жазатайым оқиғалардың алдын алу, жұқа мұзда жарақат алу мен адам өлімінің алдын алу мақсатында Алматы облысының ТЖД су айдындарында қауіпсіздік ережелерін сақтауға және жұқа мұзға шығудан бас тартуға кеңес береді.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: