Павлодар облысында полицейлер 100 жастағы тұрғынға жеке куәлігін табыстады

Пожилые люди, пожилой человек, пожилой, пожилая, пожилые, пенсионеры, пенсионер, пенсия, пенсионный возраст , сурет - Zakon.kz жаңалық 23.02.2026 14:43 Фото: Zakon.kz
Полиция қызметкерлері құжатты жеке тапсыру үшін Евдокия Алексеевна Безрукованың үйіне арнайы барды.

Құрметті жасына байланысты әйелге ХҚКО-ға өз бетінше бару қиын болғандықтан, тәртіп сақшылары құжаттарды рәсімдеуді көшпелі түрде ұйымдастырды.

Тәртіп сақшылары мерейтой иесін құттықтап, оған зор денсаулық, амандық және ұзақ ғұмыр тіледі. Евдокия Алексеевна көрсетілген құрмет пен қамқорлық үшін полиция қызметкерлеріне алғысын білдірді.

"Мұндай іс-шаралар мемлекеттік қызметтер көрсету және қарт азаматтарды қолдау жұмыстары аясында жүргізілуде. Аға буын өкілдеріне қамқорлық жасау – қызметтің маңызды бағыттарының бірі, – деп атап өтті Павлодар облысы көші-қон полициясының аға инспекторы Бақыт Ермекпаева.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: