Отбасы банк наурыздан бастап тұрғын үй кезегінің тәртібін өзгертеді

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.02.2026 20:34 Фото: zakon.kz
Отбасы банк 2026 жылғы 2 наурыздан бастап тұрғын үйді тек түгендеуден өткеннен кейін үлестіреді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Осы сәттен бастап инвентаризация тұрғын үй бөлу алдындағы алғашқы әрі міндетті қадамға айналады.


"Егер кезекте тұрған азамат түгендеуден өтпесе, оны кезектен шығармайды. Алайда ол қанша уақыт кезекте тұрса да, тұрғын үйді бөлу процесіне қатыса алмайды. Түгендеуден өтпеген жағдайда банк оған жалдамалы тұрғын үйді де, сондай-ақ 2% және 5% мөлшерлемесімен жеңілдетілген несие арқылы пәтер сатып алу мүмкіндігін де ұсына алмайды", - делінген банк таратқан хабарламда.

Қазіргі таңда кезекте тұрған азаматтардың ішінде 257 000 адам түгендеуден өтті.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: