Қазақстанда медициналық референс-орталықтар пайда болады: Мәжіліс заңға түзетулер енгізді

Обязательное социальное медицинское страхование, медицинское страхование, медицинская страховка, ОСМС, врачи, доктора, медики, медицина, здравоохранение, медстрахование, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.02.2026 12:06 Фото: freepik
2026 жылғы 25 ақпанда Мәжіліс депутаттары ғылым саласына қатысты заңнамаға түзетулерді бірінші оқылымда қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz. Заң жобасы Мәжіліске 2024 жылғы 27 мамырда ұсынылған болатын.

Заң жобасының қорытындысында былай делінген:

"Заң жобасы ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласындағы қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеу негіздерін жетілдіруге бағытталған".

Құжат келесі құқықтық нормаларды көздейді:

  • Бірлескен пайдалану үшін ғылыми зертханалар инфрақұрылымына қол жеткізу механизмдерін бекіту;
  • Ұлттық ғылым академиясын квазимемлекеттік сектор субъектісі ретінде анықтау, оның мүлкін қалыптастыру көздерін, қызметін қаржыландыруды және міндеттемелері бойынша жауапкершілікті реттеу;
  • Ғылыми жобалар мен бағдарламаларды жүзеге асыру мерзімін есептеу механизмін жетілдіру;
  • Ғалымдардың құқықтарын қорғау және ғылыми қызметкер мәртебесін көтеру.

Сонымен қатар, үкімет бастамасымен заң жобасында денсаулық сақтау саласында референс-орталықтар құру көзделген. Олар жоғары технологиялы медициналық көмек стандарттарын қамтамасыз етіп, диагностика дәлдігін арттырады және денсаулық сақтау жүйесіне әдістемелік қолдау көрсетеді.

Құжат сонымен бірге дәрі-дәрмектерді тіркеу және қайта тіркеу тәртібін біріктірілген мемлекеттік қызмет форматында оңтайландырады. Бұл халыққа қажетті дәрі-дәрмектер мен медициналық құралдарды отандық нарыққа жылдам шығару процесін жеделдетуге мүмкіндік береді.

Әлеуметтік кодекске сақтандыру төлемдері мен зейнетақы аннуитеті бойынша мұрагерлердің құқықтарын қорғауға бағытталған түзетулер енгізілген.

Айта кетейік, 2025 жылғы қазан айында Мәжіліс депутаттары жеке медициналық сақтандыруды енгізу ұсынысын жасаған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: