Мұғалімдерді әлеуметтік желіге мәжбүрлеуге заң жүзінде тыйым салынады

Школьный учитель, учитель, педагог, школьный преподаватель, школа, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.02.2026 16:44 Фото: freepik
Заң жобасына сәйкес, мұғалімдер енді жұмыстан тыс уақытта WhatsApp немесе басқа платформалар арқылы ата-аналардың сұрақтарына міндетті түрде жауап беруге міндетті болмайды.

Сондай-ақ әлеуметтік желіге Reels түсіруге мәжбүрлеу, есепті электронды немесе қағаз жүзінде қайталап тапсыру заңсыз деп танылмақ, деп жазады qazaqstan.tv.

Заң талаптарын бұзған мектеп басшыларына айыппұл салынады. Мемлекеттік мектеп директорлары үшін айыппұл көлемі – 10 айлық есептік көрсеткіш (шамамен 42 мың теңге), жеке білім беру мекемелерінде – 259 мың теңгеге дейін.

Ғылыми жобаларды қолдау артады

Сонымен қатар, Мәжіліс бүгін ғылымды қолдау туралы заң жобасын бірінші оқылымда қарауда. Бұған дейін гранттар көбіне академиялық ұйымдарға берілетін, ал жеке ғалымдарға аз бөлінетін.

Енді гранттар стратегиялық бағыттарға — цифрландыру, медицина, экология, жасанды интеллект салаларында жұмыс істейтін ғалымдарға берілетін болады. Өтінім беру процесі жеңілдеп, барлық рәсім онлайн форматқа көшеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: