Алматыда шатырдағы мұз бен қарға байланысты жауапкершілік туралы ескерту жасалды
Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Қыс мезгілінде тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндеті кондоминиум нысандарын басқару органдарына жүктелген. Бұл туралы қаланың Коммуналдық инфрақұрылым және тұрғын үй инспекциясы басқармасының өкілдері хабарлады.
Заңнамаға сәйкес, МИБ, ПИК және басқарушы компаниялар ортақ мүлікті күтіп-ұстауға жауапты. Олардың міндетіне тұрғын үйлердің шатырларын, су ағар жүйелерін, күнқағарларды және ортақ мүліктің басқа элементтерін қар мен мұздан жүйелі түрде тазалау кіреді.
Шатырда жиналған мұз сүңгілері мен қар адамдарға қауіп төндіруі мүмкін. Жарақаттың алдын алу үшін қауіпті аумақтар қоршалып, тұрғындар алдын ала ескертіле отырып, тазалау жұмыстары дер кезінде жүргізілуі қажет. Барлық жұмыс қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып орындалуға тиіс.
"Тазалау жұмыстары уақытылы жүргізілмеген жағдайда жауапкершілік басқарушы ұйымға жүктеледі. Зиян келген жағдайда азаматтар құқығын заң аясында, соның ішінде сот арқылы қорғауға құқылы", – деді басқарма өкілдері.