Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда қала күні қарсаңында контейнерлік алаңдарды санитарлық өңдеу мен жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатыр

«Таза Қазақстан»: Алматыда қала күні қарсаңында контейнерлік алаңдарды санитарлық өңдеу мен жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатыр, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.09.2024 09:01 Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Қала күнін мерекелеу қарсаңында Алматыда көппәтерлі тұрғын үйлердің аулаларының, көшедегі қоқыс жәшіктерінің және арық желісінің аумағындағы қоқыстарды тазалау бойынша ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Аула ішіндегі аумақтарда қоқыс контейнерлерінің тез толуы жылы кезде ірі мегаполистің өзекті мәселесі. "Таза Қазақстан" бағдарламасы аясында қалада 700-ден астам контейнерлік алаңды санитарлық өңдеу, жуу, залалсыздандыру, 24 747 көше және ауланың қоқыс жәшіктерін тазарту жұмыстары жүргізіледі.

Аула аумақтарының санитарлық және эстетикалық жай-күйін қамтамасыз ету мақсатында қолданыстағы контейнерлік алаңдарды жаңғырту және тереңдетіле көмілген үлгідегі контейнерлерге ауыстыру жұмыстары жалғасып отыр. 2024-2025 жылдары 2 мыңнан астам жаңа контейнер орнату жоспарланған.

Тереңдетіле көмілген типтегі контейнерлердің негізгі артықшылығы, эстетикалық көрініс, құрылыс алаңындағы аудандардың қысқаруы, жағымсыз иістің болмауы, құстар мен бұралқы жануарлардың кіруіне тосқауыл қою.

Бұған қоса, Алматы қаласының Экология және қоршаған орта басқармасы Алматы қаласының полиция департаментімен бірлесіп, ірі көлемді қоқыстарды шығару бөлігінде көріктендіру ережесін бұзушыларды анықтау бойынша рейдтік іс-шаралар жүргізуде. Бір айдың ішінде қалада 16 бұзушы анықталды, оларға қолданыстағы заңнамаға сәйкес ескерту мен айыппұл жазылды.

Естеріңізге сала кетейік, қала күні қарсаңында Алматыда Тазалық апталығы өтіп жатыр. 9-13 қыркүйек аралығында "Алматы – біздің ортақ үйіміз" қалалық науқаны және "Таза Қазақстан" республикалық бағдарламасы аясында көшелерді жинау, қалалық инфрақұрылымды, аула аумақтарын, балалар алаңдарын, субұрқақтарды, өзендер мен су айдындарының жағалауын, саябақтарды, скверлер мен тау бөктерін ретке келтіру бойынша ауқымды жұмыс жүргізіледі.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: