26.02.26: Шымкентте бір күнде 51 жұп неке қиды

26.02.26: Шымкентте бір күнде 51 жұп неке қиды, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.02.2026 18:59 Сурет: ХҚКОБҚ
2026 жылғы 26 ақпанда Шымкентте 51 жұп неке қиюға өтініш беріп, отбасын құру үшін әдемі әрі "ерекше дата" – 26.02.26 күнін таңдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

26 ақпан күні қалалық АХАТ бөліміне 51 жұп өтініш тапсырған. Жалпы, 2026 жылдың басынан бері Шымкентте 895 жұп некесін тіркеген.

Ал 2025 жылы Шымкентте 7 052 неке тіркелген. Некелесу рәсімідері салтанат залында өтті, рәсімді АХАТ қызметкері жүргізеді. Сондай-ақ тұрғындар үшін салтанатты көшпелі тіркеу қызметі қолжетімді.

Айта кетейік, некені тіркеу үшін мемлекеттік баж салығы – 4 235 теңге. Салтанатты тіркеу қызметі бөлек төленеді. Өтінішті АХАТ бөліміне кемінде 15 күн бұрын тапсыру қажет. Сондай-ақ өтінішті "ЦОН" мобильді қосымшасы және екінші деңгейлі банктердің қосымшалары арқылы да беруге болады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: