"Қар, тұман, көктайғақ". Жексенбіде еліміздің 10 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Тұман, көктайғақ, 1 наурыз, дауылды ескерту, ауа райы болжамы, Қазақстан, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.02.2026 17:40 Сурет: pexels
"Қазгидромет" РМК 2026 жылдың 1 наурызында Астана, Алматы, Шымкент қалалары, сондай-ақ Қазақстанның 10 облысында дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қызылорда облысының орталығында, солтүстігінде тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Күндіз облыстың орталығында, шығысында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Қызылордада 1 наурызда көктайғақ болып, күндіз солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с қамтиды.

Түнде және таңертең Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында қатты жауын-шашын (көбінесе қар), көктайғақ болып, түнде облыстың орталығында жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың шығысында, орталығындағы екпіні 15-20 м/с құрайды. Ақтауда 1 наурызда түнде және таңертең қалың қар жауады, көктайғақ болады деп болжанады.

Жамбыл облысында тұман, көктайғақ болып, түнде облыстың таулы аудандарында, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Таразда 1 наурызда кей уақыттарда тұман, көктайғақ болады деп күтіледі.

Астанада 1 наурызда түнде және таңертең тұман түседі деп күтіледі.

Түнде Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді, ал облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың шығысында, тау бөктерінде, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 18-23 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде 25 градус қатты аяз болатыны болжанады. Алматыда және Қонаевта 1 наурызда кей уақыттарда тұман, көктайғақ болады деп күтіледі.

Түркістан облысының таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болып, жаяу бұрқасын жүреді, ал облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Шымкентте және Түркістанда 1 наурызда кей уақыттарда тұман болады деп күтіледі.

Түнде және күндіз Қостанай облысының батысында, солтүстігінде қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді, облыстың батысында, солтүстігінде көктайғақ, ал облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман болады деп болжанады. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

1 наурызда Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде тұман түседі деп күтіледі.

Жетісу облысының солтүстігінде, орталығында, таулы аудандарында тұман түсіп, солтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданындағы екпіні 15-20 м/с, күндіз кей тұстарда 23-28 м/с дейін жетеді. Түнде облыстың солтүстігінде 25 градус қатты аяз болады деп күтіледі. Талдықорғанда 1 наурызда түнде және таңертең тұман болатыны болжанады.

Күндіз Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болып, жаяу бұрқасын жүреді, ал облыстың батысында, оңтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Оралда 1 наурызда күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады, жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі.

Түнде және таңертең Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман түседі деп болжанады.

Бұған дейін синоптиктер Алматыда ақпан айының соңғы күндері және наурыз айының басында қандай ауа райы болатынын айтып, өз болжамдарымен бөліскен болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: