Дубай әуежайына жасалған соққыдан зардап шеккендер бар

Дубай әуежайына жасалған соққыдан зардап шеккендер бар, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.03.2026 09:48 Сурет: wikimedia
2026 жылғы 1 наурызда БАӘ-дегі Дубай халықаралық әуежайына жасалған шабуыл салдарынан зардап шеккендер бар. Олардың барлығына медициналық көмек көрсетілген, деп хабарлайды Zakon.kz.

ТАСС агенттігінің мәліметінше, әмірліктің баспасөз қызметі X әлеуметтік желісінде Дубай әуежайына Иран тарапынан соққы жасалғанын растаған.

"Жақында болған оқиға салдарынан әуежай терминалдарының бірі жеңіл зақымданды. Төрт қызметкер жарақат алды, оларға дереу медициналық көмек көрсетілді", – делінген хабарламада.

Қазақстан уақытымен сағат 04:25-тегі ақпаратқа сәйкес, Абу-Даби әуе айлағындағы оқиға салдарынан кемінде бір адам қаза тауып, жеті адам жараланғаны белгілі болды. Бұл туралы әмірлік әуежайларының операторы мәлімдеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: