Ақтөбеде қос оқушы мінгескен мопед жеңіл көлікке соғылды - зардап шеккендер бар

Жол апаты, Ақтөбе, мопед, жеңіл көлік, оқушы, зардап шеккендер, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.02.2026 19:14 Сурет: Zakon.kz
Ақтөбеде кәмелетке толмаған мопед жүргізушісі жол апатына түрткі болды. Зардап шеккендер бар, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақтөбе қаласында қараңғы түскен уақытта мопед пен жеңіл автокөліктің қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алды. 8-сынып оқушысы Мұстафа Шоқай көшесі бойымен "TAIZHOU" маркалы мопедті басқарып келе жатып, "Honda Stream" автокөлігімен соқтығысқан.

"Жол-көлік оқиғасы салдарынан 2010 жылы туған кәмелетке толмаған мопед жолаушысы Ақтөбе қаласындағы облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Анықталғандай, мопед мемлекеттік тіркеу нөмірінсіз болған. Сонымен қатар, мопед жүргізушісі 14 жаста болғандықтан, жүргізуші куәлігі болмаған. Көлік құралдары арнайы тұраққа қойылды. Аталған дерек бойынша тексеру жүргізілуде", делінген облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарламасында.

Ақтөбе облысының полиция департаменті ата-аналарды кәмелетке толмағандарға бақылауды күшейтуге және тиісті құқығы жоқ тұлғалардың көлік құралдарын басқаруына жол бермеуге шақырады.

Еске сала кетсек, мопед міндетті түрде мемлекеттік тіркеуден өтуі тиіс, ал мопедті басқаруға 16 жастан бастап, "A1" санатындағы жүргізуші куәлігі болған жағдайда ғана рұқсат етіледі.

Бұған дейін Қарағанды облысында полицейлер мас күйде мопед жүргізген азаматты құрықтағанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: