Қызылордада 84 кәмелетке толмаған жасөспірім полицияға жеткізілді

Машина полиции, полицейский автомобиль, полицейские, полиция, автомобиль полиции, полицейская машина, патрульная машина, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.03.2026 14:13 Фото: unsplash
Қызылорда қаласында "Заң және Тәртіп" қағидатын іске асыру аясында 28 ақпан мен 2 наурыз аралығында "Жасөспірім" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Іс-шара барысында алкогольдік ішімдік ішетін, заңды өкілдердің ілесіп жүруінсіз түнгі уақытта үй-жайлардан тыс болатын, тыныштықты бұзатын, ұсақ бұзақылық жасайтын кәмелетке толмағандарды, сондай-ақ оларды қоғамға қарсы іс-әрекеттер жасауға тартатын адамдарды анықтау бойынша және жастардың шоғырлану орындарын (аулалар, жертөлелер және т.б.) тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Іс-шараның екі күнінде ішкі істер органдарына 84 құқық бұзушы жеткізілді. Түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз ойын-сауық кешендерінде және тұрғын жайдан тыс жерде жүргендері үшін 64 жасөспірім анықталып, олардың заңды өкілдеріне әкімшілік хаттамалар толтырылды, ал қадағалаусыз жүрген сегіз бала Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына жеткізілді.

Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу және (немесе) оған білім беру, оның құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамау бойынша 8 дерек анықталды. Кәмелетке толмағандардың және олардың ата-аналарымен профилактикалық жұмыстар жүргізілді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: