Ұлытау жастары Жаңа Конституцияны қолдайды

Бүгін Сәтбаев қаласында "Ұлытау жастары Жаңа Конституцияны қолдайды" тақырыбында өңірлік жастар форумы өтті. Ауқымды шара Ш. Ділдебаев атындағы кеншілер сарайында ұйымдастырылды., сурет - Zakon.kz жаңалық 02.03.2026 16:35 Сурет: Ұлытау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Бүгін Сәтбаев қаласында "Ұлытау жастары Жаңа Конституцияны қолдайды" тақырыбында өңірлік жастар форумы өтті. Ауқымды шара Ш. Ділдебаев атындағы кеншілер сарайында ұйымдастырылды.

Форумның басты мақсаты – жастар арасында белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыру, Жаңа Конституция жобасының негізгі нормаларын кеңінен түсіндіру және әділетті, прогрессивті Қазақстан құру жолындағы ортақ құндылықтарды насихаттау.

Сурет: Ұлытау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

"Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!" өңірлік коалициясының жоспары асында өткен іс-шараға өңірдің белсенді жастары, өндірістік кәсіпорындардың жас мамандары, қоғамдық ұйым өкілдері, жастар бірлестіктері мен қала тұрғындары қатысып, барлығы 500-ге жуық адам жиналды.

Форум барысында спикерлер Жаңа Конституцияның адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау, заң үстемдігін нығайту, жастар саясатын қолдау бағытындағы басымдықтарына тоқталды.

Сурет: Ұлытау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Сонымен қатар интерактивті форматтағы пікірталастар, викториналар және мәдени бағдарлама ұйымдастырылып, қатысушылардың белсенді араласуына мүмкіндік жасалды.

Сондай-ақ еңбек қатынастары, білім беру және денсаулық сақтау салаларындағы мемлекеттік кепілдіктер түсіндірілді. Қатысушыларға азаматтардың еңбек құқықтары, тегін білім алу мүмкіндіктері және кепілдендірілген медициналық көмек жөнінде нақты ақпарат берілді.

Сурет: Ұлытау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Шара қорытындысында жастар Жаңа Конституцияны қолдау – ел болашағына жасалған маңызды әрі жауапты қадам екенін атап өтті.

Сурет: Ұлытау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Форум өңір жастарын біріктіріп, құқықтық мәдениетті арттыруға және азаматтық жауапкершілікті күшейтуге серпін берді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: