Ақтөбеде жанармай бекетінде жарылыс болды
Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
2026 жылғы 3 наурызда таңертең Ақтөбе қаласының Алматы ауданында Ақжар көшесіндегі авто-газ құю станциясында (АГҚС) өрт салдарынан жарылыс орын алды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің (ТЖД) баспасөз қызметі мәлімдегендей, "Экогаз" АГҚС аумағында "Кирпичный" тұрғын алабында жерүсті резервуарында газ-ауа қоспасының жарылысы орын алды.
Оқиға салдарынан екінші жерүсті цистерна, газ тасымалдаушы автокөлік және операторлық бөлме өртенді. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Оқиғаның себебі анықталуда.
"Төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары дереу оқиға орнына жетіп, өрт сөндіру жұмыстарына кірісті. Өрт сөндірушілердің үйлесімді әрекеті арқасында өрт толық сөндірілді", – делінген хабарламада.
Оқиғаның нақты себебі анықталуда.
Айта кетейік, 2026 жылғы 26 ақпанда Щучинск қаласындағы кафеде де жарылыс болып, жеті адам қаза тапқан еді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript