Қазақстан алтын сатып алудан әлемде 2-орынға шықты

Золотые слитки, золотой слиток, золото, накопления, сбережения, слитки из золота, слиток, слитки, мерные слитки, мерный слиток, инвестиционное золото, стоимость золота, цена золота , сурет - Zakon.kz жаңалық 03.03.2026 16:39 Фото: пресс-служба Национального банка РК
Қазақстан алтын сатып алу жағынан әлемде 2-орынға шықты. Финпром дерегінше, былтыр еліміз бағалы металдың 57 тоннасын иеленді.

2025 жылдың басында бір трой унциясының бағасы шамамен 2,8 мың доллар болса, биыл 5 мың доллардан асты, деп жазады qazaqstan.tv.

Осылайша алтынның құны бұрын-соңды болмаған, рекордтық деңгейге көтерілді. Бағаның күрт өсуіне геосаяси шиеленістің күшеюі себеп болған.

Былтыр сары металды ең көп сатып алған елдердің қатарында Польша, Әзірбайжан, Бразилия, Түркия, Өзбекстан мен Қырғызстан да бар.

Еліміз алтын сату бойынша да белсенді мемлекеттер қатарында, екінші орында тұр. 2022–2024 жылдары Ұлттық банк резервтердің өтімділігін сақтау және әртараптандыру үшін 44,4 тонна бағалы металл сатқан.

Әлемнің орталық банктері өз қорларында 36,5 мың тоннадан астам алтын сақтап отыр.

Бірінші орында АҚШ тұр – шамамен 8,1 мың тонна. Кейінгі сатыда Германия, Италия жайғасқан. Ал Қазақстан 16-орында тұр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: