4 наурызда қай өңірлерде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалды
Сурет: pixabay
Абай облысында жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында 15-20 м/с.
Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с.
Алматыда кей уақыттарда тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15 м/с. Қонаевта түнде тұман күтіледі. Жолдарда көктайғақ. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с. Іле Алатауы (Алматы қаласының Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтары) бойынша: 04 наурызда кешке қатты жауын-шашын (көбінесе қар) күтіледі. Кей уақыттарда тұман, жолдарда көктайғақ. Оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с.
Атырау облысының оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Атырауда түнде және таңертең тұман күтіледі.
Түркістан облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында 15-20, тау асуларында екпіні 23-28 м/с. Түркістанда түнде жауын-шашын (көбінесе жаңбыр), күндіз жаңбыр күтіледі. Кей уақыттарда тұман күтіледі. Шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с.
Шымкентте түнде жауын-шашын, кей уақыттарда қатты жауын-шашын (көбінесе жаңбыр), күндіз жаңбыр, кей уақыттарда қатты жаңбыр күтіледі. Кей уақыттарда тұман күтіледі. Шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с.
Ұлытау облысының оңтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман.
Қарағанды облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман.
Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-18 м/с күтіледі. Ақтөбе қ.: 04 наурызда жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі.
Батыс Қазақстан облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Оралда жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Солтүстік Қазақстан облысында қар, бұрқасын, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз күші 15-20, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 25 м/с. Петропавлда түнде қар, бұрқасын, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с.
Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде туман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с. Қостанайда түнде қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде жолдарда көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Ақтауда түнде және таңертең тұман күтіледі.
Павлодар облысының солтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертен облыстың орталығында тұман күтіледі. Павлодарда түнде және таңертен тұман күтіледі.
Қызылорда облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында көктайғақ, тұман күтіледі. Қызылордада түнде және таңертең көктайғақ, тұман күтіледі.
Жетісу облысының батысында, солтүстігінде, орталығында, таулы аудандарында жолдарда көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, орталығында, таулы аудандарында кей уақыттарда тұман. Шығыстан оңтүстік-батысқа ауыспалы жел соғады, облыстың шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20, күндіз Алакөл көлдері ауданында кей уақыттарда 23-28 м/с. Талдықорғанда күндіз жолдарда көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең кей уақыттарда тұман.
Жамбыл облысының түнде таулы аудандарында қар, күндіз жауын-шашын, кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын күтіледі. Кей уақыттарда тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, күндіз екпіні 23-28 м/с күтіледі. Таразда кей уақыттарда тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с, кей уақыттарда 23-28 м/с күтіледі.
Ақмола облысының батысында, солтүстігінде қар, түнде облыстың шығысында аздаған қар күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Көкшетауда кей уақыттарда қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-18 м/с.
Астанада көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күннің екінші жартысында екпіні 15-20 м/с.