Қостанай облысының тұрғындары қайтарылған активтер есебінен ауыз сумен қамтамасыз етілді
Фото: unsplash
Қостанай облысы Жангелді ауданының Шили ауылында прокуратура органдары мемлекетке қайтарған активтер есебінен іске асырылған сумен жабдықтау жүйелерінің құрылысы аяқталды.
Жаңа су құбыры желілерін пайдалануға берудің арқасында Шили ауылының тұрғындары сапалы ауыз суға тұрақты қол жеткізді.
Су құбырының жалпы ұзындығы 4,3 км құрайды және Шили ауылының 197 тұрғынын таза сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
2025 жылы Қостанай облысында қайтарылған активтерді қаржыландыру есебінен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық салаларында 16 әлеуметтік жоба іске асырылды, ағымдағы жылы тағы 9 денсаулық сақтау және білім беру нысандарын іске асыру жоспарланған.
Қайтарылған активтер есебінен жүзеге асырылатын жобалардың іске асырылу барысы Қостанай облысы прокуратурасының бақылауында.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript