ШҚО-да 13 адам қызылша жұқтырды
Фото: Zakon.kz
ШҚО-да қызылшаға шалдыққандар көбейіп барады. Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметі бойынша, өңірде бүгінге дейін бұл ауруға 13 адам шалдыққан.
Мамандардың айтуынша, қызылша жұқпалы вирустық инфекция болғандықтан бұл өте жоғары көрсеткіш, деп жазады qazaqstan.tv.
Өңірде қызылшаға шалдыққан жалпы 13 науқастың 8-і тек Тарбағатай ауданынан ал 4 адам Өскемен қаласынан тағы бір науқас Глубокое кентінің тұрғыны. Олардың жетеуі бала.
Ал қызылшаға қарсы екпе тегін.
Халық вакцинаны өздері тіркелген емханаларда және мектептердегі егу кабинеттерінде салдыра алады. Ол еліміз бойынша жеткілікті мөлшерде бар.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript