Алматыда шығарындылар деңгейіне 192 автобус тексерілді
Фото: пресс-служба акимата Алматы
Мониторингті қаланың атмосфералық ауасын қорғау ережелерін іске асыру аясында Eco Almaty мобильдік экологиялық зертханалары жүргізеді.
Кезекті тексеру газбен жүретін автобустарды пайдаланатын №1 коммуналдық автобус паркінде өтті. Мамандар 192 автобусты тексерді. Мониторинг қорытындысы бойынша ластаушы заттар шығарындыларының белгіленген нормативтерден асып кету фактісі анықталған жоқ.
Айта кетейік, соңғы жылдары Алматының автобус парктері жаңартылып, экологиялық таза көліктерге, соның ішінде газбен жүретін автобустарға көшіп жатыр. Түрлі автобус парктерінде тұрақты тексерулер жүргізу экологиялық талаптардың сақталуын қосымша бақылауға мүмкіндік беріп, қалалық қоғамдық көліктің белгіленген стандарттарға сәйкестігін растайды.
Еске салсақ, Алматы қаласының атмосфералық ауасын қорғау ережелері 2025 жылы 30 желтоқсанда бекітілді. Құжат мегаполистегі ластану деңгейін кезең-кезеңімен төмендетуге және экологиялық бақылауды күшейтуге бағытталған.