Тәжірибесіз жоғары жалақы: ІІМ қазақстандықтарға жаңа қауіп туралы ескертті

Машина полиции, полицейский автомобиль, полицейские, полиция, автомобиль полиции, полицейская машина, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.03.2026 14:09 Фото: Zakon.kz/Оксана Даирова
Ішкі істер министрлігінің Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаменті шетелде "жоғары жалақылы жұмыс" ұсынатын интернеттегі хабарландыруларға байланысты қауіп бар екенін ескертті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомствоның 2026 жылғы 5 наурыздағы мәліметінше, мұндай хабарландырулар көбіне Telegram-арналарда, WhatsApp топтарында және басқа да онлайн платформаларда жарияланады.

"Алаяқтар әлеуметтік желілерде, мессенджерлерде және хабарландыру сайттарында жоғары табыс, жол ақысы мен тұру шығындары төленетінін, сондай-ақ тәжірибесіз және тіл білмей-ақ оңай жұмыс табуға болатынын уәде етеді", – деп мәлімдеді ІІМ.

Алайда шетелге барғаннан кейін адамдар мынадай қауіптерге тап болуы мүмкін:

  • төлқұжат пен басқа да құжаттардың тартып алынуы;
  • еркін жүріп-тұрудың шектелуі;
  • интернет-алаяқтыққа мәжбүрлеу;
  • жалақының төленбеуі;
  • "босату" немесе елге қайтару үшін ақша бопсалау;
  • психологиялық қысым мен қорқыту.

Осыған байланысты қазақстандықтарға мынадай сақтық шараларын ұстану ұсынылады:

  • шетелде жұмысқа орналасуды тек лицензиясы бар агенттіктер арқылы рәсімдеу;
  • жұмыс берушіні және келісімшарт талаптарын мұқият тексеру;
  • құжаттар мен жеке деректерді бөгде адамдарға бермеу;
  • туыстарға сапар бағыты мен қай жерде болатыны туралы алдын ала хабарлау.

Егер күмәнді ұсыныстар немесе алаяқтық белгілері байқалса, азаматтарға дереу құқық қорғау органдарына жүгіну ұсынылады.

"Сақ болыңыздар және интернеттегі күмәнді ұсыныстарға сенбеңіздер", – деп ескертті ведомство.

Бұған дейін, 2026 жылғы 28 ақпанда Бас прокуратура Қазақстанда алаяқтық фактілері көбейіп жатқанын мәлімдеген еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: