Қазақстандықтарға елемеу керек "шұғыл" SMS-хабарламалар көрсетілді
Фото: pexels
2026 жылғы 2 ақпанда ҚР Ішкі істер министрлігінің Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаменті халыққа жаңа алаяқтық түрі туралы ескерту жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ведомство қазақстандықтарға назар салмау керек "шұғыл" SMS-хабарламаларды көрсетті.
"Соңғы уақытта Uchet.kz және Qoldau.kz сервистерінің атын жамылған алаяқтар жалған SMS-хабарламалар таратып жатыр. Қаскүнемдер хабарламада "шұғыл, тез әрекет ету керек" деген сөздерді әдейі қолданып, адамдарды асықтырып, қорқытып жеке деректерін, логин мен парольдерін алуға тырысады. Негізгі мақсат – азаматтардың есептік жазбаларына және қаржылық қаражатына қол жеткізу. Осыған байланысты киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаменті азаматтарды сақ болуға шақырады",- делінген ақпаратта.
Бұл ретте, азаматтарға келесідей қадамдар ескертілді:
- ресми сервистер мұндай мазмұндағы SMS-хабарламаларды ешқашан жолдамайды;
- күмәнді хабарламаларға жауап бермеңіз, ондағы сілтемелерге өтпеңіз;
- жеке деректеріңізді (ЖСН, логин, пароль, банк картасының мәліметтері) SMS арқылы жібермеңіз;
- кез келген ақпаратты тек ресми сайттар мен сенімді дереккөздер арқылы тексеріңіз.
"Сақ болыңыз! Жеке деректеріңіз бен қаржыңызды қорғаңыз",- деп мәлімдеді полицейлер.
Бұған дейін ҚМА онлайн-казино ұйымдастырған АҚШ пен Украина азаматтарын халықаралық іздеуге бергенін жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript