Атырауда бірнеше рет қалта ұрлығын жасаған күдікті ұсталды

Атырауда криминалдық полиция бөлімшесінің қызметкерлері "Мүлікті қорғау" жедел-профилактикалық іс-шарасын жүргізу кезінде қала аумағында бірнеше рет қалта ұрлығын жасаған 39 жастағы ер адамды ұстады. , сурет - Zakon.kz жаңалық 05.03.2026 16:12 Сурет: ҚР ІІМ
Атырауда криминалдық полиция бөлімшесінің қызметкерлері "Мүлікті қорғау" жедел-профилактикалық іс-шарасын жүргізу кезінде қала аумағында бірнеше рет қалта ұрлығын жасаған 39 жастағы ер адамды ұстады.

Тексеру барысында күдіктінің қоғамдық автокөліктерде ұрлық жасап, ұрланған заттарды әртүрлі ломбард мекемелеріне тапсырғаны белгілі болды.

Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

Аталған дерек бойынша Қылмыстық Кодекстің 188-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: