Қазақстандықтардың ақшасын танымал онлайн-ойын арқылы ұрлап кеткен

Қазақстандықтардың ақшасын танымал онлайн-ойын арқылы ұрлап кеткен, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.03.2026 17:11 Сурет: pexels
Түркістан облысында полиция Free Fire ойыны арқылы жасалған алаяқтықты әшкереледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жетісай аудандық полиция бөліміне арызданып, банк есепшотынан қаражатының заңсыз шешілгенін хабарлаған.

Белгілі болғандай, жәбірленушінің кәмелетке толмаған туысы телефоннан Free Fire ойынын ойнап отырған сәтте оған бейтаныс азамат байланысқа шыққан. Ойын барысында күдікті түрлі уәде беріп, "бонустар" мен "ұтыстарды" алға тартып, жасөспірімнен банк картасының деректері мен телефонға келген SMS-кодты сұрап алған. Соның салдарынан жәбірленушінің есепшотынан 380 мың жымқырылды.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде 20 жастағы Шымкент қаласының тұрғыны анықталып, полиция бөліміне жеткізілді. Күдіктіден алаяқтық әрекеттерге пайдаланылған 5 телефон тәркіленді.

Киберпол қызметкерлері күдіктінің 60-тан аса жасөспіріммен ойын арқылы байланысқа шығып, олардың 20-дан астамынан ақша алғанын анықтады. Қазіргі уақытта аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдіктінің өзге де қылмысқа қатысы бар-жоғы анықталады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: