Көкшетауда автобус есігіне қысылып қалған қыз бала сүйегін сындырды

Көкшетауда автобус есігіне қысылып қалған қыз бала сүйегін сындырды, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.03.2026 19:45 Сурет: Zakon.kz
Көкшетауда полиция автобус аялдамасының маңында кәмелетке толмаған қыздың жарақат алу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Бұл туралы 2026 жылғы 5 наурызда Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомствоның мәліметінше, оқиға 3 наурыз күні шамамен сағат 12:00-де болған. Полицияға 31 жастағы қала тұрғыны арызданған. Ол қоғамдық көліктен түсу кезінде қызы жарақат алғанын хабарлаған.

Тергеудің алдын ала деректеріне сәйкес, қыз бала маршруттық автобустың есігіне қысылып қалып, соның салдарынан сүйегі сынған.


"Осы факті бойынша полицейлер дереу "Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол қозғалысы ережелерін немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады", – деп хабарлады полиция.

Жедел-іздестіру шаралары барысында жүргізушінің жеке басы анықталды. Ол 65 жастағы ер адам болып шықты. Аталған факт бойынша қажетті сараптамалар тағайындалды, олардың нәтижесіне қарай процессуалдық шешім қабылданады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: