Шымкентте шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдаланған кәсіпкер анықталды

Машина полиции, полицейский автомобиль, полицейские, полиция, автомобиль полиции, полицейская машина, патрульная машина, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.03.2026 09:47 Фото: pexels
Шымкент қаласында полиция қызметкерлері заңсыз миграция арналарының жолын кесу және адам саудасының алдын алу мақсатында жедел-профилактикалық іс-шара өткізді.

Тексеру барысында кәсіпкерлік нысандарының бірінде 20 шетел азаматы көші-қон заңнамасының талаптарын бұзып, тиісті рұқсат құжаттарынсыз жұмыс істеп жүргені анықталды.

Аталған дерек бойынша құқық бұзушыларға қатысты жинақталған материалдар әкімшілік сотқа жолданды. Сонымен қатар заңсыз шетелдік жұмыс күшін пайдаланғаны үшін кәсіпкерлік нысанының басшысы да жауапкершілікке тартылды.

Жалпы жүргізілген іс-шара барысында Қазақстан Республикасының аумағына кіру, шығу және онда болу қағидаларын бұзудың 100-ден астам дерегі анықталды.

Әрбір жайт бойынша заңнамаға сәйкес тиісті шаралар қабылданды.

Полиция шетел азаматтары мен оларды жұмысқа тартатын жұмыс берушілерге көші-қон заңнамасын сақтау міндетті екенін еске салады. Белгіленген талаптарды бұзу заңмен көзделген жауапкершілікке әкеп соғады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: