БҚО-да полиция мал ұрлығы дерегін анықтап, күдіктілерді ұстады

Полиция, полицейский, полицейские, патрульная полиция, патруль, сотрудники полиции, правоохранительные органы, погоны, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.03.2026 09:52 Фото: polisia.kz
Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің криминалдық полиция қызметкерлері "Мал ұрысы" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Жаңғала ауданы полиция бөлімімен бірлесіп, мал ұрлығының бетін ашты.

Анықталғандай, жергілікті тұрғынның қорасынан жеті бас ірі қара мал ұрланған.

Жедел-іздестіру шаралары кезінде жәбірленушінің екі ауылдасы осы қылмысты жасады деген күдікпен ұсталды.

Белгілі болғандай, күдіктілер малды ұрлап, сосын сатқан. Кейін сатып алушы малды қайтадан сатып жіберген. Кейін ірі қара мал сойылып сатылған.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: