БҚО-да полицейлер жылқыларды ұрлап, автокөлікке айырбастаған күдіктіні ұстады

Полиция, полицейский, полицейские, патрульная полиция, патруль, сотрудники полиции, правоохранительные органы, погоны, видеожетон, видеожетоны, смарт-жетоны патрульных, камера полиции, камера полицейского, камера полицейских, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.03.2026 15:11 Фото: Zakon.kz/Оксана Даирова
Батыс Қазақстан облысында "Мал ұрысы" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында криминалдық полиция қызметкерлері еркін жайылымда жүрген жеті жылқы ұрлығын ашты.

Малдың жоғалу туралы хабар Бөкейордасы ауданының тұрғынынан келіп түсті. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдікті анықталып, ұсталды.

Ол жылқыларды ұрлап, кейін оларды автокөлікке айырбастағаны белгілі болды. Ұрланған жылқылар Орал қаласындағы мал сою пункттерінің бірінен бөлшектеу кезінде табылып, тәркіленді.

Полиция қызметкерлері барған сәтте төрт жылқы сойылып қойған. Иесі өз малын таныды.

Келтірілген шығын сомасы 2 миллион теңгеден асады. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.

Полиция ауыл шаруашылығы жануарларының иелеріне малды бақылауды күшейтіп, күмәнді жағдайлар туындаған жағдайда дереу полицияға жүгінуді ескертеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: