Ұлттық банк басшысы: Сатып алуды тек қолма-қол ақшамен төлеуді талап ету – заңсыз әрі дұрыс емес

Ұлттық банк басшысы: Сатып алуды тек қолма-қол ақшамен төлеуді талап ету – заңсыз әрі дұрыс емес, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.03.2026 17:44 Сурет: Zakon.kz
Қазақстан Ұлттық банкінің төрағасы Тимур Сүлейменов 2026 жылғы 6 наурызда өткен брифингте қазақстандықтардың сатып алуларды қолма-қол ақшамен қаншалықты жиі төлей бастағаны туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Журналистер кейінгі уақытта кейбір сатушылар сатып алуды тек қолма-қол ақшамен төлеуді сұрап, қолма-қолсыз төлемге онша келісе бермейтіні туралы ақпарат бар екенін атап өтті. Осыған байланысты Ұлттық банк мұндай үрдісті байқап отырған-отырмағанын сұрады.

Тимур Сүлейменовтің айтуынша, жыл басынан бері Ұлттық банк қолма-қол ақша айналымы мәселесін тұрақты бақылауда ұстап отыр.

"Қазір кейбір адамдар қосылған құн салығын (ҚҚС) төлеушілер қатарына қосылды, қосымша фискалдық әкімшілендіру енгізілді. Сондықтан кейбіреулер адамдар жаппай қолма-қол есеп айырысуға көшіп кетуі мүмкін деп болжады. Егер солай болғанда, біздің филиалдарда қолма-қол ақшаға деген сұраныс күрт өсер еді. Бірақ әзірше біз ондай жағдайды байқап отырған жоқпыз. Салық реформаларына байланысты қолма-қол ақшаға сұраныстың күрт артқанын көрмедік", – деді ол.

Ұлттық банк төрағасының айтуынша, сатып алу немесе қызмет үшін тек қолма-қол ақшамен төлеуді талап ету — заңға қайшы әрекет.

"Бұлай жасауға болмайды. Негізінде бұл – салық төлеуден жалтарудың бір тәсілі", – деп түсіндірді Тимур Сүлейменов.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: