Қазақстан мен Түркия: сыртқы істер министрлері аймақтағы шиеленіс кезінде нені талқылады

Қазақстан мен Түркия Сыртқы істер министрлері өңірдегі жағдайды талқылады, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.03.2026 20:58 Сурет: Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Түркия Республикасының Сыртқы істер министрі Хакан Фиданмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сұхбат барысында министрлер Таяу Шығыстағы қазіргі ахуалды және оны деэскалациялау мүмкіндіктерін талқылады. Түрік тарапы Түркия мен Әзербайжан аумақтарына жасалған әскери шабуылдарға байланысты елеулі алаңдаушылық білдірді.

"Сыртқы саяси ведомстволардың басшылары екі ел арасындағы сауда-экономикалық қатынастарды одан әрі дамытуға өзара бейілділігін растады", – делінген Сыртқы істер министрлігі таратқан хабарламада.

Сұхбат қорытындысы бойынша екі мемлекеттің сыртқы істер және көлік министрліктері деңгейінде кездесу өткізу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: