Әлиев Тоқаевқа Нахичевань әуежайына соққыны айыптағаны үшін алғыс айтты

Әлиев Тоқаевқа Нахичевань әуежайына соққыны айыптағаны үшін алғыс айтты, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.03.2026 15:02 Сурет: akorda.kz
Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа Нахичевань әуежайына соққыны айыптағаны үшін алғыс білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ильхам Әлиев бұл туралы өзінің X-тегі парақшасында жазды.

"Мен Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа Иран мемлекеті тарапынан Нахичевань әуежайына жасалған шабуылдарды айыптағаны және біздің елімізге Әзербайжан мен Қазақстан арасындағы одақтас және бауырлас рухта қолдау көрсеткені үшін алғыс білдіремін", – делінген мәлімдемеде.

2026 жылғы 5 наурызда Иран аумағынан ұшырылған дрондар Нахчыван Автономды Республикасының аумағына кірген. Бір дрон әуежай терминалының ғимаратына соғылса, екіншісі Шакарабад ауылындағы мектептің жанында қонған. Кейінгі деректерге сәйкес, оқиғадан төрт адам зардап шеккен.

Кейін Иран Сыртқы істер министрінің орынбасары Казем Гарибабади Әзербайжандағы оқиғаларға пікір білдіріп, Ислам Республикасының көршілес елдерге шабуыл жасамайтынын айтқан.

Мемлекет басшысы бауырлас, одақтас Әзербайжан еліне қарсы жасалған әрекетті қатаң айыптады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: