Тоқаев Иранның көрші елдерге соққы жасауды тоқтату туралы шешімін құптады

Тоқаев Иранның көрші елдерге соққы жасауды тоқтату туралы шешімін құптады, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.03.2026 15:10 Сурет: akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев Иранның көрші елдерге соққы жасауды тоқтату туралы шешімін құптады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Айбек Смадияр хабарлады.

Смадиярдың жазуынша, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Уақытша басқарушы кеңестің көрші елдерге шабуылдан бас тартқаны туралы шешімін жеткізген Иран Президенті Масуд Пезешкианның мәлімдемесін құптайды.

"Қазақстан Президенті мұны Таяу Шығыстағы шиеленісті бәсеңдетуге бағытталған маңызды қадам деп санайды", – делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін Иран президенті көршілес елдерге шабуылдар енді болмайтынын, тек сол жақтан Иранға қарсы шабуыл жасалған жағдайда ғана әрекет етілетінін мәлімдеген еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: